Редакционно-издательский центр

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ТАМЫРЫ ТЕРЕҢГЕ ТАРТЫЛҒАН

 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ТАМЫРЫ ТЕРЕҢГЕ ТАРТЫЛҒАН

  Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтың жағдайы мәз емес. Одаққа мүше елдер арасындағы тауар айналымы құлдырап кеткен. Дегенмен, оның тек қазіргі уақытша ауыртпашылықтарына қарамай, келешектегі көкжиектеріне көз жүгірте білген маңызды.
 Осы тұрғыдан алғанда, ЕАЭО аясында көлік қатынастарын интеграциялау – экономикалық ықпалдастықтың өрісі мен нәтижелілігін айқындайтын саланың бір болып табылатынын айта кеткеніміз жөн. Әлемде құрылықтағы ең ұзақ 7548,1 шақырымдық шекара арқылы жалғасып жатқан Қазақстан мен Ресей үшін теміржол тасымалының рөлі ерекше.
      Қазіргі күні екі ел шекара бойындағы 11 теміржол пунктері арқылы түйіседі.  
     Еуразиялық экономикалық ықпалдастық, оның ішінде теміржол саласындағы қатынастар тақырыбында ҚР ҰЭМ Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Бәкенов Ернар Бақытжанұлымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
   – Ернар Бақытжанұлы,  Қазақстан 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) төрағалығына сайланды. Бұл біздің елімізге не береді? Төрағалық қызметті тиімді пайдалану үшін қандай іс-шараларды көтерген жөн?
     Жоғары Еуразиялық экономикалық одақта, Еуразиялық Үкіметаралық және Комиссия кеңесінде (бұдан әрі – Одақ органдары) төрағалық ету бір мүше мемлекеттің бір күнтізбелік жыл ішінде негізінде жүзеге асырылады. Одақ органы төрағасының функцияларына, атап айтқанда, Одақтың отырыстарын жүргізу және жұмысын ұйымдастыру, Одақ органының қарауына ұсынылатын мәселелер  кіреді. Сондай-ақ, Одақ органы төрағасының функцияларына оның орган мүшелерінің келісімімен кезекті және кезектен тыс отырыстарын  өткізу уақыты мен орнын  айқындау туралы шешім қабылдау да жатады.
  Тұтастай алғанда, Одақ органдары төрағаларының функциялары Одақ туралы шартта және оның осы органдарының отырыстарын өткізу ережесінде белгіленген. Сонымен бірге, Одаққа жаңа мемлекеттердің кіруі туралы өтінішті ол мемлекет Жоғары Кеңес төрағасының атына жолдайды. Жоғары кеңестің шешімімен мұндай мемлекетке Одаққа кіруге кандидат мәртебесі беріледі.
  Жоғары кеңестің шешімі негізінде кандидат мемлекеттің Одақ құқықтарынан туындайтын міндеттемелерді қабылдауға дайындық деңгейін зерделеу үшін  кандидат мемлекет Одаққа мүше мемлекеттер мен органдар өкілдерінен  жұмыс тобы құрылады.
    2016 жылы Одақ органдарына төрағалық етуді Қазақстан Республикасы жүзеге асырады. Мемлекет басшысы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің төрағасы ретінде ЕАЭО мүше мемлекеттерге өтініш жіберді. Өтініште Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңде Одақты дамыту жөніндегі бастамалары жазылған.
  Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан көп салалы халықаралық ытымақтастық саясатын жүргізеді және ЕАЭО шеңберіндегі үшінші елдермен де интеграциялық процестерді белсенді қолдаушы болып табылады. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы аталған өтініште 2016 жылды «Одақтың үшінші елдерімен және шешуші интеграциялық бірлестіктермен  экономикалық  қарым-қатынастарын  тереңдету жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл  интеграциялық бірлестікті және оның әр түрлі елдермен және өңірлермен сауда-саттығын одан әрі дамыту драйверіне айналады.
   Одақ органдарына төрағалық етуші ел ретінде Қазақстан Республикасы ЕАЭО шеңберінде сияқты үшінші елдермен де тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге,  сондай-ақ  ЕАЭО елдерінің әр түрлі елдермен, өңірлермен және интеграциялық бірлестіктермен сыртқы экономикалық байланыстарын, оның ішінде еркін сауда аймақтарын құру арқылы да толық көлемінде тереңдетуге барлық қажетті күш-жігерді жұмсайтын болады.
  ЕАЭО  аясында теміржол саласының дамуын қалай бағалар едіңіз? «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы көлік саласында, оның ішінде теміржол бойынша қалай жүзеге асырылып жатыр? Жүктердің, жолаушылардың еларалық тасымалында теміржол көлігі қаншалықты маңызды рөл атқарады?
     Қазақстан  «land-locked countries» (теңізден қашық елдер арасынан) деп аталатындар арасынан ең ірі және теңізден барынша қашық орналасқан мемлекет болып табылады. Континентальдық «тұйықтық» жағдайында экономиканың өсуі мен оны әртараптандыру үшін  маңызды жүйелі аспект – көлік шығындарын  төмендету болып саналады.
    ЕАЭО шеңберінде теміржол көлігі саласында мүше мемлекеттер ортақ келісімге қол жеткізді. Нақтырақ айтып өтсек, ол:
      біріншіден, көлік қызметтерінің жалпы нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру;
    екіншіден, әрбір мүше мемлекеттің аумағы бойынша тасымалдау кезінде теміржол қызметтеріне кемсітушіліксіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
    үшіншіден, теміржол көлігі ұйымдарының басқа мүше мемлекеттің ішкі нарығына  қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау;
 төртіншіден, тасымалдаушылардың  ЕАЭО шеңберінде инфрақұрылым учаскелерінде теміржол көлігі инфрақұрылымы қызметтеріне қол жеткізу жағдайларын қамтамасыз ету.
  Осы уағдаластықтар көлік шығындарын барынша қысқартуға мүмкіндік береді. Тиісінше, сыртқы нарықтарда қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі артады. Бұл ретте ол, сонымен бірге, теміржолдың, оның аралас салаларының дамуына да, сондай-ақ ұсынылатын қызметтер сапасына да оң әсер етеді.
   Жүкті басқа елдің теңіз айлағы арқылы транзитпен бір мемлекеттен үшінші бір мемлекетке теміржол көлігімен тасымалдағанда, ЕАЭО туралы шарт күшіне енген сәттен бастап біріздендірілген (ішкі) тариф қолданылады. Сарапшылардың бағалауынша, қазақстандық тасымалдаушылар Ресей аумағымен теңіз айлақтары арқылы транзитпен тасымалдағанда және теміржол көлігі қызметтеріне транзиттік тарифтердің орнына біріздендірілген ішкі Ресей тарифтерін қолданған кезде, қазақстандықтар 240 млн. АҚШ долл. дейін үнемдеуі мүмкін.
   «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы елдің шағын өңірлерін  хабтар қағидаты бойынша  интеграциялау жолымен Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын  қалыптастыруға бағытталған. Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде автожол саласын дамытуға 178 млрд. теңге бөлінді, ол толық көлемінде игерілді. Нәтижесінде 456 км автожол салынды және қайта жасалды. Сонымен қатар, Боржақты – Ерсай теміржол желісін салуға 6,7 млрд. теңге бөлінді, ол да толық көлемінде игерілді. 2015 жылдың 1 шілдесінде Боржақты – Ерсай теміржол желісі бойынша құрылыс жүктерін жеткізетін жұмысшы қозғалысы ашылып, 2016 жылдың 1-тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланды.
   Қазіргі уақытта «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «Жібек жолы Экономикалық белдеуі» қытай бастамасын байланыстыру жұмысы жүргізілуде. Ол Қазақстанның көлік-логистикалық, транзит және индустриалды инфрақұрылымын барынша дамытуды қарастырады. Осыған орай, Қазақстанның еуразиялық интеграциялық процеске қатысушы ретінде осы континентальдық жобаның тораптық буынына айналу мүмкіндігі бар. 
      Президент Назарбаев Ресей мен Батыс арасындағы «санкциялық соғысы» біздің елге айтарлықтай зияның тигізіп отырғанын айтты. Осы жайсыздықтардан құтылу үшін Қазақстан қандай жұмыстар жүргізіп жатыр және алда әлі қандай іс-шараларды қолға алуы керек деп ойлайсыз?
    Ресей тарапының Еуропалық одақтың бірқатар еліне қарсы қолданып отырған экономикалық шаралары біржақты болып табылады және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттерді қатыстырмайды. Қазақстан дербес түрде де, Еуразиялық одақ шеңберінде де Ресейдің шектеушілік шараларына  қосылу мәселесін қарастырмайды.
   Ресейдің экономикалық даму серпінінің төмендеуі және көрсеткіштерінің нашарлауы (оның ішінде Батыс пен Ресейдің қарама-қарсылық санкцияларына байланысты да) біздің экономикаға жанама әсер етеді. Ресейдің үшінші елдерге қатысты біржақты тәртіпте шаралар енгізуіне байланысты Қазақстанның экономикасына кері әсер ететін қандай да бір жағдайлар туындаса, Қазақстан Республикасының Үкіметі ЕАЭО мүше басқа елдердегі әріптестерімен өзара  қарым-қатынас жасай отырып, осындай әсерді барынша азайту үшін қажетті шаралардың бәрін қолданатын болады.
    Қазақстан ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Бұл ретте Одақ органдары отырыстарының алаңдарын пайдаланады. Сондай-ақ уәкілетті органдардың (оның ішінде кеден органдарының және ветеринариялық бақылау (қадағалау) органдарының) интеграцияланған  ақпараттық жүйелеріне сүйене отырып, жоғарыда аталған проблемаларды өзара ақпараттық іс-қимыл шеңберінде шешуге ұмтылады.
   Біріккен көлік-логистикалық компаниясын дамыту (Қазақстан – Ресей – Беларусь) бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Бұл жаһандық бәсекеге қабілетті Еуразия дәлізін қалыптастыра ала ма?
   «Біріккен көлік-логистикалық компаниясы» АҚ-ын (бұдан әрі - БКЛК) 2014 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының  теміржол әкімшіліктері құрды. Оның негізгі мақсаты ЕАЭО-да бірыңғай логистикалық  бизнес-кеңістік құру, жаһандық көлік нарығында ЕАЭО-ның логистикалық жүйесінің  халықаралық  бәсекеге қабілеттілігін көтеру, ЕАЭО ішінде көлік процестерін интеграциялау, Шығыс-Батыс халықаралық көлік дәліздерін дамыту, жүк жеткізу мерзімдері мен өзіндік құндарын қысқарту.
    Сонымен бірге, барынша нақты ақпарат алу үшін Инвестициялар және даму министрлігіне жүгінуді ұсынамыз, ол көлік саласындағы уәкілетті орган болып табылады. Әрі соған байланысты тиісті жұмыстарды жүргізеді.
   Ресей аумағы арқылы алыс-жақын шетелдерден, әсіресе, өткен жылдың соңынан бастап Түркиядан, Украинадан тауар тасымалдау қиынға түсіп кетті. Ресейдің аталған елдерге қойған экономикалық шектеулерінің кесірі Қазақстанға тиіп отыр.  Бұл ЕАЭО нормаларына, талаптарына қаншалықты қайшы? Осы тығырықтан шығаратын қандай ұсыныс айтар едіңіз.
    ЕАЭО туралы шарттың 47-бабында мүше мемлекеттердің үшінші елдермен саудада біржақты тәртіпте тарифтік емес реттеу шараларын енгізу және қолдана алу мүмкіндіктері қарастырылған. Егер украиндық тауарларды айтатын болсақ, бұл жағдайда РФ ТМД шеңберіндегі еркін сауда туралы шартқа сәйкес Украинадан әкелінетін тауарларға қатысты біржақты тәртіпте  әкелу кеден баждарын енгізу туралы  қаулы қабылдады.
    Ресей тарапының пікірі бойынша, Еуропалық одақтан келетін тауарларға Украина нарығын ашып тастау – Украина тауарларын ЕАЭО нарығына, оның ішінде Ресей нарығына «күштеп шығарылуына» әкеліп соқтырады. Осыған байланысты, Ресей Федерациясы өнеркәсіп салаларын қорғау үшін мұндай шараларға барып отыр.
   Қазақстан Украина тауарларына қатысты тиым шарасын енгізген жоқ. Сондай-ақ, Украина Еуропалық одақпен қауымдастық туралы келісімге қол қойған күннен бастап біздің республика нарығын олардың тауарлар тасқыны жаулап алғаны байқалмайды. Қазақстан дербес түрде де, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де Ресей шараларына қосылу мәселесін қарастырмайды.
    Біздің уәкілетті органдардың консультациялары нәтижесінде Ресей – Беларусь шекарасында, сондай-ақ Ресей – Қазақстан шекарасында украиналық тауарларды өткізетін пункттері айқындалды. Әрине, бұл Украинадан Қазақстанға тауар тасымалдау шығындарының біраз ұлғаюына соқтырды. Алайда, маңыздысы сол, тауарларды көрсетілген пункттер арқылы тассыған кезде транзит бөгелмейтін болады.
   ҚР Үкіметі басқа елдердегі әріптестерімен өзара іс-қимыл жасай отырып тауарлардың республикаға үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
    ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы қатты құлады. Алдағы жылдары Еуразиялық экономикалық  қатынастарды жақсартудың қандай алғышарттарын атай алар едіңіз?
    Қазіргі уақытта Қазақстанның экономикасы әлемдік экономиканың  өсу қарқынының баяулауы жағдайларында дамуда. Қазақстанның негізгі экспорт тауарларының бағасы және оларға деген сұраныс төмендеуде. Әлемнің көптеген елдері экономикаларының барынша құлдырағаны байқалуда,  тұтастай алғанда сауда көрсеткіштері нашарлауда.
    Мысалы, Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық құны 2014 жылғы 1 барреліне  99 АҚШ долларынан 2015 жылдың соңында  38 долларға дейін түсті. Қазіргі уақытта баға 30-35 доллар деңгейінде болуда. Металл бағаларының индексі 27 % төмендеді. Ал, бұл тауарлар Қазақстанның негізгі экспорттық ұстанымдары болып табылады (мақала 16 ақпан күні жазылды-авт).
   Міне, осы факторлар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы  қаңтар-қарашадағы жалпы сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 36,8% төмендеуіне байланысты болуда және ол 70,6 млрд. АҚШ долл. құрады. Ал, еліміздің ЕАЭО мүше мемлекеттермен тауар айналымы 27,7 % қысқарды және 20,2 млрд. АҚШ долл. құрады.
     Бұл ретте,  ЕАЭО елдерімен тауар айналымы үлесінің республиканың жалпы тауар айналымында 2,7%-ға, 18,1% дан 20,8% дейін өскенін атап өткен жөн (2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2015 жылғы 11 айда).
    Сондай-ақ, Кеден одағы құрылған сәттен бастап Қазақстанның әріптестерімен жылдық тауар айналымы 1,6 есе өсті (2009 жылғы 12,9 млрд. доллардан 2014 жылы 21 млрд. долл. дейін). Экспорт 80% ұлғайды (2009 жылғы 3,6 млрд. АҚШ долларынан 2014 жылы 6,5 млрд. АҚШ долл. дейін). Кеден одағы елдеріне қазақстандық экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлар үлесі 45-тен 58 дейін өсті.
  Еуразиялық экономикалық одақ халқының экономикалық әлеуеті 182 млн. адамды құрайды. Мүше елдер экономикасының жиынтық көлемі 2,2 трлн. АҚШ долл.,  сыртқы сауда айналымы 1 трлн. АҚШ долл. жетті. Өнеркәсіп өнімін шығарудың жалпы көлемі 1,3 трлн. АҚШ долл.  көрсеткішін көрсетті. ЕАЭО шеңберінде экономика салаларындағы өзара іс-қимылдың базалық негіздері жасалды, олардың арасында энергетика, фармацевтика, көлік,  өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы бар.
   Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы мен Ресейдің ұлттық электр энергиясы нарықтарын интеграциялау жолымен  жалпы электр энергетикасы нарығын 2019 жылға қарай құру жоспарлануда. Бұл  Қазақстанның электр энергетикасы саласының экспорт әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Ол 2030 жылға қарай  6 миллиард-киловатт сағаттан асатын болады. Бұл шамамен жыл сайын 300 млн. АҚШ долл. шамасында қосымша  экспорттық түсім.
      2025 жылға қарай газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің  жалпы нарығы қалыптасатын болады. Бұл өзара саудада экспорттық кеден баждары мен шектеулерді қолданбауды қарастырады. Әріптес елдердің, ең алдымен, Ресейдің газкөлік инфрақұрылымы мен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне тең қол жеткізу 2025 жылға қарай  ұсынылатын болады.
   Қазақстан жыл сайын 8 млрд. текше м. газ экспорттайды. Алдағы уақытта, Қашаған және Қарашығанақ кен орындары барланғаннан кейін, республиканың экспорт әлеуеті барынша өседі. Сондықтан да газкөлік инфрақұрылымы мен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне қол жеткізу жөніндегі уағдаластық болашақта Қазақстанның тұрақты дамуы үшін аса маңызды.
    GMP стандарттары негізінде ортақ фармацевтика нарығын  құру үшін  базалық келісімдерге қол қойылды. Оның жұмысы осы жылы басталады деп күтілуде. Ортақ нарық жағдайларында біздің фармпрепараттар  өндірушілеріміз алдағы уақытта өз өнімдері экспортын  әріптес елдер нарығына жылына 360 млн. долларға дейін ұлғайтуға ниеттеніп отыр. 
    ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешендері саласындағы ынтымақтастық жалғасуда. Еуразиялық үкіметаралық  кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен Еуразиялық экономикалық  одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі  бағыттары (бұдан әрі - ӨЫНБ) бекітілді. Осы құжат дағдарыс  жағдайларында ЕАЭО өнеркәсібін инновациялық дамыту, инвестициялар тарту, кооперацияны дамыту үшін қосымша импульс береді. ЕАЭО-да ішкі нарықты негізгі ауылшаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорт әлеуетін дамыту үшін әлеуетті мүмкіндіктер бар.
   2016 жылдың соңына дейін сезімтал ауылшаруашылық тауарларының тізбесі қабылданбақшы. Сол бойынша өндірісті дамыту жоспарын  ұсынамыз. Бұл өз кезегінде өндірісті және ауылшаруашылық өнімдері нарығын дамытуды теңестіріледі. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы нарықта  өндірушілерді қорғау сияқты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
    Тұтастай алғанда, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа  қатысуынан болатын мультипликативтік әсер отандық экономиканы дамытуға қолайлы әсер етеді. Инвестициялар тартуға ықпал жасайды. Сонымен қатар, әлемдік экономикада жүріп жатқан процестердің кері әсерін төмендетеді.  
      Қазақстан 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Бүкіләлемдік сауда ұйымының (БСҰ) толыққанды мүшесі болып қабылданды. Қазіргі кезде көлік тасымалы, оның ішінде теміржол саласында БСҰ мен ЕАЭО шарттары мен талаптары арасында қандайда бір қайшылықтар бар ма? Бұл мәселе қалай шешімін тауып жатыр?
     2015 жылғы 15 қарашадан бастап Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының 162-ші мүшесі болды. Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері – тауарлармен және қызметтермен сауданы реттеу қағидаларының жиынтығы. Өзінің экономикалық және сауда саясатын жүзеге асырған кезде БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттен әлемнің дамыған, сол сияқты дамып келе жатқан экономикаларын білдіретін 161 ел осы қағидаларды  қолданады.
    Тұтастай алғанда, ЕАЭО-ның құқықтық базасы ДСҰ талаптары мен қағидаларының негізінде құрылды. Соған байланысты қарама-қайшылықтар жоқ.
     Ернар Бақытжанұлы, уақыт тауып, біздің журналға мәнді де маңызды сұхбат бергеніңіз үшін рахметімізді айтамыз.
 Сұхбаттасқан Дәулетқали АСАУОВ.
 
 
 
 
 
 

Назад к списку статей