Редакционно-издательский центр

Бизнесті трансформациялау бағдарламасы: Компания үшін ең тиімді жоба!

 Бизнесті трансформациялау бағдарламасы:

 Компания үшін ең тиімді жоба!
 
    «ҚТЖ»ҰК»АҚ инвестициялық және операциялық қызметтердің тиімділігін арттыру мақсатында теміржол саласын трансформациялаудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Қазіргі күні осы бағдарламаның аяқалысы қалай, оның түпкілікті мақсаты қандай деген сұраққа жауап алу үшін біз компанияның Бизнесті трансформациялау бағдарламасы Өзгерістерді басқару блогының жетекшісі Фархад Мантеевпен сұхбаттасқан едік.
  – Фархат, ең алдымен, бизнесті трансформациялау дегеніміз не және бұл Бағдарламаны «ҚТЖ»ҰК»АҚ-да жүзеге асыруға не себеп болды? Осы жайында әңгімелеп берсеңіз.
       – Өздеріңізге белгілі,бүгінгі күні «Самұрық-Қазына» қорының іргелі компаниялары Бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асырып жатыр.«ҚТЖ»ҰК»АҚ Қор компанияларының ішінен алғашқылардың бірі болып осы бағдарламаны орындауға кірісті. Сондай-ақ, біздің көптеген бастамаларымыз бен жобаларымыздың игілігін басқа компаниялар да көріп отыр.
    Трансформациялау(өзгерту, түрлендіру) сөзінің мазмұнына үңілсек, бұл бір реттік жоба емес, бұл қатаң бәсекелестік пен шұғыл өзгерістер жағдайында тиімділікті, бәсекеге қабілеттілікті және табысты арттыруға бағытталған, тереңді қамтитын, жүйелі және дәйектелген өзгерістер тізбегі.
        Қазіргі заман қарқынды өзгерістерге ұшырап жатыр.Және уақыт өткен сайын оның қарқыны тіпті үдеп келеді. Егер ХХ ғасырдың басында S&P 500 индексіне кіретін компаниялардың орташа ұзақтығы 90 жыл болса, қазір олардың өмірлік кезеңі 16-18 жылға дейін қысқарған. Сондықтанда бүгінде компаниялардың сыртқы өзгерістерге бейімделу қабілеттілігі мен жеделдігі жетістіктің негізгі «құраушысы» болып саналады.
    Кейінгі жылдары сыртқы экономикалық жағдайдың күрт нашарлап кетуіне байланысты (шикізат өнімдері бағасының құлауы, Қытайдың экономикалық өсімінің баяулауы, Орталық Азия елдеріндегі құлдырау және Ресейге қатысты қойған санкциялық саясат) «ҚТЖ»ҰК»АҚ-ның негізгі табыс көзі болып табылатын дәстүрлі жүк тасымалына теріс әсер етті. Еуразия өңірінің ұзақ мерзімді экономикалық даму трендін және жүк базасы құрылымын ескере отырып, компанияның ендігі болашағы жаппай жүк тасқынында мультимодальдық және транзиттік тасымалдың жаңа сегменттерінің өсу әлеуетін тиімді пайдалана аламыз ба, соған байланысты болмақ. Ал оған басқару, өндіріс және ұйымдастыру процестерін терең трансформацияламай қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан компанияның даму стратегиясында бизнесті трансформациялау негізгі бастама болып табылады.
          Ол төмендегідей жайттарды қарастырады:
          –        процестердің реинжинирингіжәне интеграциясы;
          –        басқару жүйесі мен активтер портфелін қайта құрылымдау;
          –  жаңа ұйымдастыру құрылымын енгізу;
          –        тиімді технологиялық платформа жасау;
          –        корпоративтік мәдениетті өзгерту.
      Алдын ала салыстырмалы түрде жүргізілген шығын мен табыс көрсеткіші келесідей қорытынды жасауға толық мүмкіндік береді: «ҚТЖ»ҰК»АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы–компания үшін ең тиімді жоба.
     Дегенмен, бағдарламаның ұзақ мерзімділігін және кешенділігін ескере отырып, барлық жобаларды енгізгеннен шығатын нақты синергетикалық нәтиженіоларды толықтай жүзеге асырылғаннан кейін және олар тұтаса жұмыс істеп кеткеннен кейін бірақ көре алатын боламыз.
      – Өз командаңыз жайында айтып өтсеңіз. Бағдарламаға сырттан мамандар тартылды ма?
   – Ауқымдытрансформациялауды жүзеге асыру, әлбетте күрделі, ұзақ мерзімді және әжептәуір шығынды қажет ететін шаруа. Бірақ, жоғарыда айтып өткеніміздей, оның өмірлік маңызы зор.
  Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында алға қойған мақсаттарға қол жеткізу тек техникалық аспектілерді жүзеге асыруды ғана емес, сонымен бірге, трансформациялау процесін, мәдениетті, жұмыс машығы мен тәсілдерін өзгертуді белсенді басқаруды қажет етеді. Сондықтан бұл жерде мамандарға басты назар аударылады.  
     Командаға «Мобилизациялау» кезеңінде компанияның түрлі салаларында жұмыс істейтін, қажеттібілімі, біліктілігі және тәжірибесі бар үздік мамандар жинақталды. Ал сарапшылар ретінде жобаға«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ»АҚ трансформациялау командасының мүшелері, Deutsche Bahn жәнеPriceWaterhouseCoopers халықаралық кеңесшілері, сондай-ақ жоғары білікті мамандар шақырылды. Ең басында жобаға қатысушылар Бизнесті трансформациялау бағдарламасы бойынша дәріс алды, оны жүзеге асырудың әдістемесі игерілді, жоба команданың өз ішінде құрылымдарға бөлінді және үйлестірілді.
     – Компанияда трансформациялау жобасы бір жылдан артық уақыт жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі күні ол нақты қандай жетістіктерге жеткізді, сондай-ақ болашақ жоспарларыңыз туралы айтып берсеңіз? Ұжым бұл өзгерістерді қалай қабылдады? 
    – Бүгінде компания бизнестіреинжинирингтеу бойынша барлық әзірлік жұмыстарын аяқтады.«ҚТЖ»ҰК»АҚ Даму стратегиясы жандандырылды, процестер моделі қалыптастырылды, қызметтің стратегиялық негізгі көрсеткіштері бекітілді. Қормен бірлесіп жобалар портфелін, жоспарын және Жол картасын жасау аяқталды.
      Биылғы жылы біз компания жұмысында негізгі өзгерістерді енгізуге кірісеміз. Сондықтан өте маңызды, тартымды жұмыстар басталғалы тұр. Барлық жоспарлау, сатып алу және қойма шаруашылықтарын басқару жүйелері түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын болады. Сонымен бірге, қауіпсіздіктің және риск-менеджменттің жаңа жүйесі енгізілмек. Өндірістік активтерді, қаржыны және кадрды басқару әлемдік үздік тәжірибелерге сай өзгертіледі. Маркетинг және сатужүйесін тұжырымдамалық қайта жүктеу компанияның бизнес жүргізу ісін клиентке бейімдеуді қамтамасыз етеді.Компанияда негізгі процестерді ауқымды автоматтандыру жұмыстары қолға алынады.
    Жақында ғана «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ  басқарма төрағасы Ө. Шөкеев, мемлекеттік орган жетекшілері, компанияның орталық аппарат және еншілес ұйымдарының менеджменттері, өңірлік тасымалдау дирекциялары мен магистральдық теміржол желісі бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақжелілік кәсіпорындар мен стансалардың басшылары қатысқан кеңейтілген жиналыс болды.
      Соның аясында«ҚТЖ»ҰК»АҚ компаниясының жаңаоперациялық моделі мен ұйымдастыру құрылымы топтарының тұсаукесері өтті.Талқылау барысында компания қызметкерлері жасалып жатқан өзгерістерді қолдайтындықтарын білдірдіжәне олардың дер кезінде қолға алынып отырғандығын атап өтті. Бұл еңбек ұжымы арасында ортақ түсінік қалыптасқанын және өзгертуге деген ішкі қажеттіліктің бар екенін көрсетеді.
     Сонымен бірге, 2000 жылдан бастап теміржол көлігінің қызметін нарықтық экономика  мен бәсекелестік жағдайына бейімдеу мәселесі қолға алына бастағанын айта кету керек. Осы уақыт ішінде тиісінше заңнамалық база қалыптасты, компания қажетті  тәжірибе жинады, оған қол жеткізудің нақты түсініктері мен қадамы жасалды.
   Теміржол – «тиеуден түсіруге дейінгі» тұтас тасымал процесін жүзеге асыратын, біртұтас тікелей біріктірілген құрылым нысанында ғасырдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан технологиялық тұрғыдан күрделі жүйе құраушы сала. Бірақ, одан әрі қарай даму үшін компания өзінің технологиялық, құндылық және корпоративтік жүйесін өзгертуге мәжбүр. Егер бір уақыттың аяқалысымен бірге жүргіміз келсе, онда түбегейлі өзгертулер мен даму жолына түсуіміз қажет.
      – Қазіргі әлемдік дағдарыс жобаға әсер етті ме?
     – Әлемдік дағдарыскомпания қызметіндегі ауқымды өзгерістердің дұрыстығы мен дер кезінде жүргізіліп жатқанын тағы бір дәлелдеп берді. Бұған дейін айтып өткеніміздей, жалпы жүктер тасымалының дәстүрлі бизнесі теріс динамиканы көрсетті. Ал ғаламдық бәсеке жағдайында транзиттік және мультимодальдық тасымалдың жаңа сегменттеріне шығу үшін клиентке бейімделген икемді құрылымды құруды және жұмыс тиімділігін арттыруды талап етеді.
   Мемлекет және Қор тарапынан қолдаудың жақсы көрсетілуі, тиімді жобалар мен бастамалардың көп болуы, қызметкерлердің бай тәжірибесі мен осы өзгерістер векторының дұрыстығын көрсетеді.
    Ақиқатында «дағдарыс» сөзі қытайша екі иероглифтен тұрады: бірі «қауіп» дегенді, екіншісі «қолайлы мүмкіндік» дегенді білдіреді.Міне, біздіңкомпания дағдарысты жұмыс тиімділігі мен өнімділікті арттырудың, жаңа нарықтарға шығудың және ішкі әлеуеттерді пайдаланудың қолайлы мүмкіндіктері ретінде пайдалануға мүдделі.
  – Бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру компанияның құрылымына, басқару процестеріне қалай әсер етеді? Бұл өзгерістер қаншалықты ауыр салмақ салып өтіп жатыр?
   – Бұған дейін айтқанымыздай,даярлық жұмыстары аясында «ҚТЖ»ҰК»АҚ-ның 1-2 деңгейлі 269 процестерден тұратын және 3-4 деңгейлі 20 мыңдай процестерден тұратын жаңа моделі жасалды.Оның әрқайсысының өзіндік сценарийлері, рольдері, тәуекелдері, нормативтік-техникалық құжаты қарастырылған.
   «ҚТЖ»ҰК» АҚ тарихында бірінші рет процестердің алшақтығын, сондай-ақ шамадан тыс және қарама-қайшы регламентацияны анықтауға, жоюға мүмкіндік беретін, сату және активтерді басқару саласында жетіспейтін процестерді нақтылы жобалауға, қолданыстағыларын клиентке бағдарланған және тиімділік принципінде форматтауға мүмкіндік беретін кешенді моделдеу жасалынды.
    Процестерді біріктіру моделі – бұл әрбір процеске жауапты тұлғаны, оның мақсатын, сондай-ақ кірістері мен шығыстарын көрсететін өмірлік кезеңді құрылымдайтын баға құраушы тізбек. Соның арқасында компанияның әрбір қызметкері жұмыс туралы және ортақ нәтижеге өзінің қосқан үлесі туралы анық білетін болады.
       Компанияның бизнес-процестерінің картасы:
       –        оның қызметін нақты және ашық етеді;
       –        процестерді оңтайландырады;
       –        жұмыс тиімділігін арттырады, жаңа сапалық деңгейге көтереді, жеңіл басқарылатын және икемді қылады;
       –        бизнестің технологиялық платформасын құруға арналған сұлбасын қамтамасыз етеді.
    Картаны әзірлеу кезінде әлемнің ең үздік тәжірибелері қолданылды. Жаңа ұйымдастырушылық құрылымдарда компания жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа процестер мен негізгі көрсеткіштер ескерілген.Басқару деңгейлері оңтайландырылған.
   Қызмет тиімділігін арттыру мақсатында 623 басты көрсеткіштер жүйесі негізінде түрлі басқару деңгейлерін үйлестіріп тұратын қызметтің стратегиялық негізгі көрсеткіштері әзірленді және құрылымданды.
  Бизнестің стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін жаңа операциялық модельдеу негізінде «ҚТЖ»ҰК»АҚ компаниялар тобының өнімге бағдарланған принцип бойынша жаңа ұйымдастыру құрылымы жүзеге асырылады.
    – ӘлемдеБизнесті трансформациялаудың оңтайлы да, теріс те мысалдары көп. Осы тұрғыдан алғанда, бағдарламаның нәтижелілігі қаншалықты ескерілген деп ойлайсыз? 
   – Мұндай ауқымды түрлендіруді жасап отырғандардың алды біз емеспіз. Қайталап айтайын, «ҚТЖ»ҰК»АҚ трансформациялау командасының жұмыстарына халықаралық кеңесшілер шақырылған: PriceWaterhouseCoopers-тың ұйымдарды трансформациялау бойынша әлемде зор тәжірибесі бар. Сондай-ақ, Deutsche Bahn-ның ғаламдық-логистикалық нарықта теміржолкомпанияларының көшбасшылық орнын қамтамасыз ететін салалық құзіреті мен трансформациялаудағы тәжірибесі мол.
   «ҚТЖ»ҰК»АҚ операциялық моделін әзірлеу кезінде өзіміздің кеңесшілерімізбен бірге теміржол және көлік-логистикалық компаниялардыңбизнесті трансформациялау жөніндегі әлемдік тәжірибелерін зерттеп шықтық. Сонымен қатар, осы саладағы әлемдік тәжірибелер мен үздіктер жүріп өткен жөн-жобалармен бірге, біз қазіргі жағдай мен жергілікті ерекшелікті де ескереміз.
Сұхбаттасқан Дәулетқали АСАУОВ
 
 

Назад к списку статей